Қалааралық автобус қатынасы қашан жанданады?
Қалааралық автобус қатынасы қашан жанданады?
Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов елімізде қалааралық автобустардың қатынауына қашан рұқсат берілетінін айтты.
"Ұшақ пен пойызда жолсеріктер бар, олар жолаушылар арасындағы ара қашықтықтың сақталуын, маска тағуын, бір жерге топтаспауын қадағалап отырады. Ал қалаларалық автобустарда мұндай жоқ, тек жүргізуші ғана. Оның міндеті – қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тиісінше, автобус салонында жағдайды бақылайтын адам болмағандықтан, қазіргі таңда қалааралық автобустарды іске қосу әлі ерте деп санаймыз", – деді Байғабылов онлайн брифингте.
Оның айтуынша, өңірлерде коронавируспен байланысты жағдай тұрақталса, автобус қатынасын ашу мәселесі қаралады. Блокбекеттердің алынуы да эпидемиологиялық ахуалға тәуелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетті комиссия отырысында облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер алынбайтынын мәлімдеген болатын.