Жаңалықтар

Фитнес-орталықтар мен бассейндер қашан ашылатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Фитнес-орталықтар мен бассейндер қашан ашылатыны белгілі болды

25 маусымға дейін Алматыда фитнес-орталықтар мен бассейндер ашылмайды. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады.  «Фитнес-орталықтар мен бассейіндер індет жұқтыруға аса қауіпті нысандарға жататынын анықтадық. Бұл жерлерде жоғары ылғалдылық бар. Сондықтан, бұл нысандар ең осал топқа жатады. Жақын арада олар ашылмайды. Яғни 25 маусымға дейін рұқсат жоқ»,– деді Жандарбек Бекшин. Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитары Алматыда балабақшалар әзірге ашылмайтынын мәлімдеген. Соңғы дерек бойынша, Алматыда 1678 адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 555-і індеттен айықса, 9-ы көз жұмды. Ал республика бойынша қатерлі вирус жұқтырғандар саны 5571-ге жетті.