Алматыда балабақшалар қашан ашылады – бас санитар жауап берді
Алматыда балабақшалар қашан ашылады – бас санитар жауап берді
Алматыда балабақшалардың жұмысы қашан жанданады? Бұл сауалға қалалық Қоғамдық кеңесте Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді.
«Қалада коронавирустың күнделікті өсімі 2 пайызға төмендеген жоқ. Сондықтан, балабақшаларды ашуға асықпаймыз», - деді қаланың бас санитары.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов карантинге байланысты еліміздегі балабақшаларда бала санына шектеу енгізілетінін мәлімдеген.
Оның айтуынша, әр балабақшада 15 баладан аспауы қажет.