Жаңалықтар

Шымкент: Елтай ауылында су басқан аумақтан 300 адам эвакуацияланды

ашық дереккөзі

Шымкент: Елтай ауылында су басқан аумақтан 300 адам эвакуацияланды

Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан су шайған Елтай ауылында қауіп сейілді. Табиғи апаттан аталған елді мекенде 60 аула мен 60-қа тарта нысанды су басып, 5 шаруашылық нысан қираған. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады. Департамент мәліметінше, табиғи апаттың салдарын жою бойынша жедел штаб құрылған. Сондай-ақ, №6506 әскери бөлімінің күшімен каналдарды тазалау, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңға дейін 7000 м3 су сорылған.