Заң жобасы түзетілді: бейбіт жиынға қатысушылардың бетперде тағуына рұқсат
Заң жобасы түзетілді: бейбіт жиынға қатысушылардың бетперде тағуына рұқсат
Бүгін Сенат «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын түзетіп, Мәжіліске кері қайтарды.
Бейбіт жиынға қатысушылар бетперде тағуына болады. Заң жобасындағы бетті бүркемеу керек деген норма алынып тасталды. Сенаторлардың айтуынша, адам денсаулығына байланысты қорғаныш құралын пайдалануы мүмкін.
Заң жобасына 6 бап бойынша 16 ұсыныс енгізілді. Бұл өзгерістер бейбіт жиналысты ұйымдастырушының міндеті мен қатысушыға тыйым салатын нормаларға қатысты енгізілген. Заң жобасы қоғамда ұзақ талқыланды. Қолданыстағы заңда митинг пен пикеттің және өзге де жиындардың ара жігі ажыратылмаған. Ал жаңа жобада жіктеп жазылған. Атқарушы органдардан рұқсат алу тәртібі де жеңілдеді. Демонстрация мен шерулер кезінде ғана белгілі бір талаптар қойылуы мүмкін. Ал бейбіт жиынды өткізуге арнайы орындар бекітіледі.