Nur Otan депутаттары экономикалық қиындықтарды еңсерудің тиімді жолдарын ұсынды
Nur Otan депутаттары экономикалық қиындықтарды еңсерудің тиімді жолдарын ұсынды
Nur Otan партиясының Мәжілістегі фракциясы Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына бірқатар ұсыныстар жасады. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы, фракциясы жетекшісі Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.
Отырыста нұротандық депутаттар қазіргі таңда Үкімет әзірлеп жатқан Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарына фракцияның ұсыныстарын талқылады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзі көпжақты да маңызды іс-қимыл бағдарламасы болып табылады. Енді барлық күш-жігерді ең алдымен дағдарыстың салдарын еңсеруге, ұлттық экономиканы қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға жұмылдыру қажет. Nur Otan партиясының Мәжілістегі фракциясы, әрине, экономикалық өсу шараларын дайындауға және іске асыруға белсенді қатысады.Біздің басты міндетіміз – Президенттің бастамаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, – деді Нұрлан Нығматулин.