Жаңалықтар

Бауыржан Байбек: Нұротандықтар Мақтааралға 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

ашық дереккөзі

Бауыржан Байбек: Нұротандықтар Мақтааралға 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Мақтаарал ауданына арнайы барып, жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.  "Көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездестім. Төтенше жағдайдың кесірінен мыңнан астам үй бұзылып, 8 мың гектар егіс алқабын су басқан. «Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Мақтарал жұртының басына түскен қиындық елге ортақ. Ең бастысы, бас аман болсын", - деп жазды Бауыржан Байбек. "Волонтерлік – Батыста пайда болған қозғалыс және бізге ешқандай қатысы жоқ деген пікірді естіп жүрміз. Бірақ бұл бізге жат емес. Асар дәстүрі қазақтың қанында бар. Осы игі дәстүрді біздің жастарымыз жақсы жалғастырып отыр. Бұл жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғыс айттым. Олар өздерінің нақты істерімен отаншылдықтың, ұйымшылдық пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп жүр. Міне, дәл осындай жауапкершілігі мол жаңа буынның өкілдері алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында «Nur Otan» партиясының тізімінде болуы керек. Еліміздің болашағы – осындай жастар!", - деп жазды Бауыржан Байбек.