Алматы әуежайының орталық Азияда маңызы артады

Алматы әуежайының орталық Азияда маңызы артады

Алматы әуежайының орталық Азияда маңызы артады
ашық дереккөзі
Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қала­сына жасаған жұ­мыс сапары барысында Әлеуметтік қыз­мет көрсету үйін аралап, оны қайта қал­пына келтіру жұмыс­тары­мен таныс­ты. Аталған мекеме халықтың әлеумет­тік жағдайы төмен топтарына, әртүрлі жағдаймен жүгінген азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көр­сетеді. Қазақстан Президенті мұндай орталық ашу бастамасын қолдап, халыққа көмек көрсету жұмыстарының маңызын атап өтті. «Пандемияға қарамастан, азамат­тары­мызды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерімен айналысу маңызды. Бұл – ба­сым әрі стратегиялық міндет. Сондықтан бі­рыңғай әлеуметтік қамту орталығының салынуын қолдаймын. Бұл – дұрыс бастама. Мұны тиімді жүзеге асыру керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Алматыдағы Бас бо­та­никалық бақты қайта жөндеу жұмыс­тары­ның барысымен танысып, Алматы қала­сы­ның әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың дамуы жөніндегі есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкім­дігі мен Болат Өтемұратов қорының бір­лескен жұмыстарын жоғары бағалап, бо­та­никалық бақтың қала тұрғындары мен қо­нақтары үшін бұрынғыдай негізгі демалыс орын­дарының біріне айналуы қажет екенін айтты. «Ботаникалық бақ – алматылықтар мен қазақстандықтар үшін, әсіресе осында туып-өсіп, жастық шағын өткізгендер үшін таны­мал жер. Алматы тұрғындарын осы аумақты сақ­тауға, оған өз үйіндей қарауға шақыра­мын», – деді Мемлекет басшысы. Президент жұмыс сапары барысында ко­ронавирусты анықтауға арналған мо­бильді скрининг орталығына барды. COVID-19 індетін анықтауға арналған жаңа мо­бильді скрининг орталығының қыз­ме­тімен танысты. Орталық Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жұмыс істейді. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Са­ғынтаев Мемлекет басшысына қаладағы эпи­демиологиялық ахуал жайында есеп берді. Кореялық Medical Partners Korea меди­ци­на компаниясының басшылары Ким Даёнг пен Мин Хисук Қазақстан Прези­ден­тіне мобильді лабораторияның мүмкіндігі мен Drive-through жүйесі бойынша сынама алудағы тәжірибелері туралы айтты. Дәрігерлермен әңгімелесіп, оларға қа­жырлы еңбектері үшін ризашылығын білді­ріп, Орталық қызметкерлерін Халықаралық медбикелер күнімен құттықтаған Президент: «Пандемия – шын мәніндегі соғыс. Бүкіл әлем пандемияға қарсы соғыс жариялады. Француздарда «Соғыстың аты – соғыс» деген сөз бар. Біз жұдырықтай жұмылсақ, панд­е­мияны жеңе аламыз», – деді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары бары­сында Алматы қаласында жүзеге асырылып жат­қан бірқатар инфрақұрылымның жоба­сымен танысты. Қазақстан Президентіне Алматының ха­лықаралық әуежайын қайта жөндеу жос­пары таныстырылды. Түркияның TAV airport Holding  компа­ниясы бас директорының орынбасары Сер­кан Каптан Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуе­жай­дың жаңа терминалының құрылысы тура­лы мәлімет берді. Жалпы көлемі 55 мың шаршы метр болатын терминал жобасының құны – 150 миллион еуро. Терминал жылына 6 миллион жолаушыға қызмет көрсетеді. Атал­ған нысанның құрылысы 2022 жылдың екін­ші тоқсанында аяқталады деп жоспарла­нып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы­ның халықаралық әуежайы қайта жөндеуден өткеннен кейін Орталық Азия аймағындағы ірі авиациялық хабқа айналатынына сенім білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Бұқ­тырма көшесі мен Құлжа трактісінің қиы­лысында салынатын ұзындығы 784 метрлік көлік жолайрығы құрылысының жо­басымен танысты.