Жаңалықтар

"Рекорд орнаттық!": БҒМ биыл ҰБТ-ға қанша адам қатысатынын айтты

ашық дереккөзі

"Рекорд орнаттық!": БҒМ биыл ҰБТ-ға қанша адам қатысатынын айтты

Биыл 130 мыңнан астам адам ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Оның 20 454-і – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, өтініш онлайн түрде беру форматы ҰБТ тапсыруға ниет білдірушілердің санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген.  «82% - рекорд орнаттық! Биылғы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген мектеп бітірушілердің көрсеткіші осындай. Жыл сайынғы 70%-дық көрсеткіштен асып түстік. Онлайн форматтың артықшылықтары көп, ең бастысы, мектеп түлектеріне толықтай еркіндік беріп отыр. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін мектеп әкімшілігі тарапынан білім деңгейі төмен оқушылардың тестілеуді тапсыру мүмкіндігін шектеу фактілері орын алған. Енді бұл мәселеге шешіліп, мектеп түлектеріне толықтай еркіндік беріліп отыр», – деді Д. Смағұлов. Қазақстанның азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-ға құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды. Министрліктің хабарлауынша, ҰБТ нәтижелері әдеттегідей тестілеу өткізілген күні берілетінін, сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланатынын  Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін бейнебақылау жазбалары талданып, оқуға түсушінің тыйым салынған заттарды  пайдаланғаны анықталған жағдайда, оның ҰБТ және білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері жойылатынын ескертеді.  Еске сала  кетейік, бұған дейін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданатынын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, коронавирус індетінің таралуына байланысты биыл ҰБТ өткізу барысында санитарлық шараларға қатаң мән берілетіні жайлы жазғанбыз.