Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ МЕШІТТЕРІНДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ІС-ШАРАЛАР Мешіттерде жеке намаз оқуға қойылатын талаптар: Тек жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат етіледі. Мешіттерде жамағатпен (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) намаздар оқылмайды; Мешітке жеке құлшылыққа келген азамат немесе азаматша ұзақ уақыт мешітте болмауы тиіс. Мешітте болу уақыт ұзақтығы – 15 минут; Намаз оқушылардың арақашықтығы 1,5 метр болуы керек және арнайы белгіленген орындарда намаз оқып, намаз оқып болғанан соң мешіттен бірден шығып кету; Мешітке келетін адам санын діни ғимарттың жалпы пайдалы ауданының 30 пайызынан артық толтырмау; Мешітте қол алыспау керек; Мешіттерде ауа алмасу жүйесі жақсы жүру үшін барлық есіктерді ашып қою қажет; Әр 3 сағат сайын намаз оқитын залдарды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет; Намаз оқитын залдарда имамдар және намаз оқитын адамдар міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен болу керек; Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар намаздарын үйлерінде оқығаны абзал; Мешіт дәретханаларын қолдану барысында арақашықтықты және сантитарлық талаптарды сақтауы тиіс; Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық құралдарды пайдалану қажет; Мешітке кіру бөлек есіктен және шығу бөлек есіктер арқылы болуы тиіс. Мешітте Құран оқытуға қатысты талаптар: Құран оқытуға келушілер арасында арақашықтықты (10 адамнан артық кіргізбеу)сақтау; Құран оқытуға келушілердің аралары 1,5 метр қашықтықты сақтау және арнайы белгіленген орындарға отыру; Құран оқитын бөлмелерге имамдар және келушілер міндетті түрде бетпердемен отыру; Гигиеналық талаптарға сәйкес бата жасау (бет сипау және т.б.); Әр 3 сағат сайын Құран оқитын бөлмені желдетіп отыру; Құран оқитын бөлмеге кірмес бұрын антисептикалық құралдарды пайдалану; Құран оқитын бөлмеге кіру бөлек есіктен және шығу бөлек есіктер арқылы болуы тиіс. Неке бөлмелеріндегі іс-шараларға қатысты талаптар: Неке қиюға шариғат талаптарына сәйкес, неке бөлмесінде куәгерлерден басқа адамдар болмауы тиіс; Неке қиюшылардың аралары 1,5 метр қашықтықты сақтау және арнайы белгіленген орындарға отыру; Неке залдарында имамдардың және келушілердің бетперде және медициналық қолғаппен болу керек; Неке қиып болған соң бірден мешіттен шығуы керек; Неке қию бөлмесіне кіруден алдын антисептикалық құралдарды пайдалану қажет; Әр 3 сағат сайын неке залдарын залалсыздандыру қажет.