Парламент: төтенше жағдай және дағдарыс

Парламент: төтенше жағдай және дағдарыс

Парламент: төтенше жағдай және дағдарыс
ашық дереккөзі
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Онда дағдарысқа қарсы негізгі заңнамалық түзетулерді талқылау Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция форматында өтті. Заң жобасы «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығын орындау мақсатында әзірленді және қазіргі уақытта елімізде төтенше жағдайды енгізумен тікелей байланысты. Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шаимованың айтуынша, бұл заң жоба төтенше жағдай кезінде басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті шара. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес, төтенше жағдай кезінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды құжаттардың қолдану ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Олар: салық, банктік, бюджеттік, кедендік, еңбек, монополияға қарсы заңдар, сондай-ақ халықтын денсаулығын сақтау туралы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнамалар, мемлекеттік сатып алу туралы, валюталық реттеу туралы заңнамалар, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік меншік салалары және т.б. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде жұмыс жағдайындағы қалыптасқан тәжірибені ескере отырып, Үкімет қосымша заңнамалық шаралар пакетін енгізеді. Қарауға келіп түскен заң жобасында «Төтенше жағдай туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңдарға төтенше жағдай енгізу кезінде қолданылатын негізгі шаралар мен уақытша шектеулермен байланысты толықтырулар бөлігінде түзетулер ұсынылып отыр. Заң жобасын талқылау одан әрі Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов бастаған жұмыс тобында жалғасуда.