Қазақстанда турагенттіктер саны қысқаруы мүмкін

Қазақстанда турагенттіктер саны қысқаруы мүмкін

Қазақстанда турагенттіктер саны қысқаруы мүмкін
ашық дереккөзі
ҚР Туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова онлайн брифинг барысында елімізде турагенттіктер саны қысқаруы мүмкін екенін айтты. «Туризм нарығы 100 пайыз тоқтап тұр. Ол қаңтар айының екінші жартысынан бастап жұмыс істемейді, өйткені коронавирус инфекциясы осы кезден бастап таралды, карантиндік шаралар енгізілді, рейстер жабылды және т.б. Туризм саласы қаражатты 100% жоғалтты деп айта аламыз. Сондықтан туризм нарығы қиын жағдайға тап болып отыр», – деді Рашида Шайкенова. Оның айтуынша, елдегі турагенттіктер саны қысқаруы әбден мүмкін. «Туристік индустрияның ең сезімтал бөлігі – турагенттіктер. Үлкен қысымға ұшыраған да осы компаниялар. Біздің ойымызша, олар жабылып, саны қысқарады. Өйткені жағдай күрделі», – деп қосты ол.