«5-10-20» жобасымен берілетін тұрғын үй шаршы метрінің бағасы аталды

«5-10-20» жобасымен берілетін тұрғын үй шаршы метрінің бағасы аталды

«5-10-20» жобасымен берілетін тұрғын үй шаршы метрінің бағасы аталды
ашық дереккөзі
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, – деп хабарлады аталмыш банктің баспасөз қызметі. «5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда:
  • Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды;
  • Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды;
  • басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды.
Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метрдің бағасы:
  • 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында;
  • 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта;
  • 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта;
  • 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында;
  • 160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда.
«5-10-20» пилот жобасы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған қосымша шара ретінде әзірленіп жатыр.