Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «5-10-20» жобасы іске қосады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті. Жаңа пилоттық жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:

  • несие мөлшерлемесі 5%;
  • бастапқы жарна 10%-дан бастап;
  • несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

«5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Back to top button