Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады
ашық дереккөзі
13 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, бұршақ, оңтүстікте және оңтүстік-батыста дауыл күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Атап айтқанда, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, күндіз Қызылорда облысында дауыл тұрады. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман болжанады. Күндіз жел 15-20 м/с артады.