Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды
    
        12 мамыр, 2020 /
        Асыл ТҰМАР
    
    
            
    
    
    
                                    Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды
                        
                                    Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат coronavirus2020_kz Telegram парақшасына жарияланды.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған.
Ал Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді.
Ал Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады.
Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымға дейін созылады.