Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды

Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды

Өңірлерде карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат coronavirus2020_kz Telegram парақшасына жарияланды. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған. Ал Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді. Ал Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады. Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымға дейін созылады.