egov пен бірқатар меморганның сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Бүгін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, оның ішінде eGov.kz портал, «Е-лицензиялау» және «Электрондық үкіметтің» барлық компоненттерінде проблемалар пайда болды, – деп жазды ҚазАқпарат.

ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп, тексеру жүргізді. Нәтижесінде мемлекеттік сектордың интернет ресурстарына қатысты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға алып келген шетелдік интернет сегментінен бөлінген DDoS-шабуыл тіркелді.

Шабуыл Қазақстандық интернет сегментінің интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550-ден астам IP-мекенжайлардан жүргізілді.

«Бұл кезеңде ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл дербес деректердің компрометациясы анықталмағанын қосымша хабарлаймыз», – деп мәлім етті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Back to top button