Жаңалықтар

Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады

ашық дереккөзі

Алматы облысында карантин режимі мамыр айының соңына дейін жалғасады

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел Facebook- тегі парақшасында: «Бүгін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аудан және қала ішіндегі посттар алынып тасталды. Бірақ, аудан және облыс шекераларындағы блокпосттар жұмысын жалғастырады. Алматы облысында карантиндік режим мамыр айының соңына дейін жалғасады», – деп жазды.  Айта кетейік, Алматы облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантин режимі кезең-кезеңмен жеңілдетілуде. Қазір облыста жалпы аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер өз жұмыстарын қайта бастады. Сондай-ақ Талдықорғандағы әуежай да іске қосылды. Сонымен қатар, көлік жуу, көлік жөндейтін орындардың жұмысы қайта жанданды.