Коронавирустан жазылғандар саны күн санап артып келеді – Бас санитар дәрігер

Коронавирустан жазылғандар саны күн санап артып келеді – Бас санитар дәрігер

Коронавирустан жазылғандар саны күн санап артып келеді – Бас санитар дәрігер
ашық дереккөзі
Бүгінде коронавирустан емделгендер саны 2074-ке жетті. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен тікелей эфирде айтты. «Коронавирустан емделгендер саны 2074-ке жетті. Кеше ғана 130 адам емделіп шықты. Бүгін 15 адам емделіп шығады деп жоспарлануда», – дейді Бас санитар дәрігер. Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде емделгендер саны күн сайын ауырып тіркелгендер санынан көп. «Бұл – өте жақсы көрсеткіш, демек коронавирус инфекциясы бойынша жағдай тұрақталып келеді деген сөз. Бұл – елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінің нәтижесі. Наурыз айында ауырғандар санының өсуі 150 пайызды көрсетсе, соңғы тәуліктерде аурудың өсу көрсеткіші 2,3 пайызды ғана көрсетуде. Бір апта ішінде бұл көрсеткіш 5 пайыздан аспады. Төтенше жағдай режимінің аяқталуы карантин шаралары түгел тоқтайды дегенді білдірмейді. Карантин режимін сақтау керек, бірақ еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жұмсарып отырады», – дейді ол.