Карантин кезінде киім дүкендерін тонап жүрген ұрылар қылмыс үстінде ұсталды

Карантин кезінде киім дүкендерін тонап жүрген ұрылар қылмыс үстінде ұсталды

Карантин кезінде киім дүкендерін тонап жүрген ұрылар қылмыс үстінде ұсталды
ашық дереккөзі
ҚазАқпараттың жазуынша, Алматыда киім бутиктерді тонап жатқан ұрылар қылмыс үстінде ұсталды. Белгілі болғандай, олардың екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. «Олар спорт киімдері бутиктері, әйелдер аксессуарлары, сұлулық салондары, шаштараздар мен басқа нысандарға кіріп, тонап жүрген. Бұл адамдар кеңсе компьютерлерінен іш киімге дейін ұрлаған. Құлыптарды ашу үшін олар арматура қайшыларын қолданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Қазір екеуі де Алматы қалалық ПД уақытша оқшаулау орнына қамалды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі (ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абзал Тұрғаналы. Ұсталғандардың 15 қылмыстық эпизодқа қатысы бары анықталды. Қазір олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.