Бүгін – халықаралық медбикелер күні

Бүгін – халықаралық медбикелер күні

Бүгін – халықаралық медбикелер күні
ашық дереккөзі
Бүгін, 12  мамыр – халықаралық медбикелер күні. Адам жанының арашасы болған дәрігер мамандығының бұл санатындағы ақ желеңділердің қоғамда алар орыны ерекше. Қазақтың жалпақ тілімен «мейірбике» атанып кеткен бұл жандар шынымен де мейірімді жүрекпен айналасына нұр шашып, науқас жандарға жылы сөз, шынайы қамқорлықтарын төгіп, үнемі жанынан табылуға әзір. Еліміздегі қазіргі сын шақтарда  медбикелердің жауапкершілігі арта түскені де белгілі. «Нұр Отан» партиясы коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жан аямай күресіп жүрген дәрігерлерді жан-жақты қолдайды.  Дәрігер жандар бүгінгі шақта қоғамға  пандемиямен күресу жолында  өз қызметтеріне адалдықтарын айрықша дәлелдеп келеді.  Бұл мамандық қашан да жоғары құрметке ие  болған және солай қала да бермек. Дүние жүзін жайлаған қауіпті індетпен күресте дәрігер мамандарға деген сол бір зор құрметіміз еселене түскендей. Науқасқа шалдыққандар мен оқшаулануға алынған жандардың өміріне араша болу үшін, таңнан кешке дейінгі дәстүрлі  жұмыс уақыты былай тұрсын, дәрігер мамандар көз ілмей, кірпік қақпай тынымсыз жұмысқа кірісуінің арқасында еліміз бұл күрделі кезеңге де қауқарлық таныта білді. Науқасқа тағайындалған ем-шарасын дамыл-дамыл қабылдауына, қан қысымы мен дене қызыуының тұрақтылығына, тіпті көңіл-күйінің ойдағыдай болуына да шекара күзеткен сақшыдай бір адам жауапты болса, ол – медбикелер. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған  «Біргеміз» қоры 2500 дәрігерге 50 мың теңгеден жәрдемақы аударды. Бұл да болса, тынбай жұмысын атқарып жатқан аяулы жандарды жігерлендіруге, еңбектерін елеуге арналған айқын бағыттардың бірі болар... Әсел Жақсыбай