Вице-министр мектеп түлектеріне аттестат қашан тапсырылатынын айтты

Вице-министр мектеп түлектеріне аттестат қашан тапсырылатынын айтты

Вице-министр мектеп түлектеріне аттестат қашан тапсырылатынын айтты
ашық дереккөзі
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова  мектеп түлектеріне аттестат қашан тапсырылатынын айтты.  «11 сынып түлектеріне аттестаттарды 3-4 маусымда тапсыру туралы шешім қабылданды. Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілері үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға қашықтан дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басынды өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты түрде аттестаттар тапсырылып, 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады», - деп жазды вице-министр Facebook-тегі парақшасында. Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық ауада, қонақтарсыз, тек түлектердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру рәсіміне мектеп формасында келу ұсынылады. Сондай-ақ, салтанатты бөлімнен кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, ағаш отырғызу акциясын өткізу жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары мұндай акция дәстүрлі түрде 25 мамырға орай ұйымдастырылады.