Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жұмысы жанданатын кәсіпорындар аталды

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда жұмысы жанданатын кәсіпорындар аталды

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалада қандай кәсіпорындардың жұмысы жанданатын айтты.  «Елордада азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмысы қайтадан қалпына келеді. Бірақ олар міндетті түрде санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтауы керек. Бизнес-орталықтардың, сақтандыру компанияларының, адвокаттық қызметтердің, нотариус, жылжымайтын мүлік бойынша агенттіктердің де жұмысы жанданады. Спорттық нысандар оқу-жаттығу процестері үшін 30 адамға дейінгі арнайы топпен жұмыс жүргізе алады. Мәдениет және репетицияның жекелеген топтары да 30 адамға дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Халыққа қызмет көрсететін типография, тігін ательесі, аяқ киім шеберханасы, химиялық тазарту мен адамдар жиналмайтын өзге де нысандар жұмысын бастайды. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданады. Бірақ онда адамдардың кезек сақтауда санитарлық талаптарының бәрі сақталуы керек», - деді Бақтияр Мәкен ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Қала әкімінің орынбасары мәселен екінші деңгейлі банктерде азаматтар екі метрлік қашықтықты сақтауы керектігін айтып өтті. «Толығымен санэпидемиологиялық талаптардың бәрін сақтау үшін мектепке дейінгі ұйымдар, балақбақшалар үшін арнайы алгоритм әзірледік. Білім орталықтары мен үйірмелер жұмысын жүргізу үшін қызметкерлер мен балалардың жағдайын қатаң бақылауда ұстауы керек. ЖРВИ белгісі бар балалар ондай орталықтар мен үйірмелерге кіргізілмеуі тиіс. Балалар кабинеттері мен коррекциялар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді», - деді ол.