11 Мамыр, 18:06 334 0 Нұр Отан Анар ЛЕПЕСОВА

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратына жаңа басшы тағайындалды

«Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы болып Мәди Оспанов тағайындалды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Мәди Оспанов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Оның «Nur Otan» партиясының құрылымында айтарлықтай тәжірибесі бар. 2013 жылдан 2018 жылға дейін партияның заң қызметін басқарды. 2018 - 2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы болды.

Осы жылдар ішінде ол Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Есеп комитетінде, Қаржы министрлігінде және т.б. бірқатар қызметтер атқарды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Әнуар Өскенбаев отбасылық жағдайға байланысты өз еркімен қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар