«Біз біргеміз!»: 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік жиынтығымен қамтылды

«Біз біргеміз!»: 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік жиынтығымен қамтылды

«Біз біргеміз!»: 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік жиынтығымен қамтылды
ашық дереккөзі
Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Н.Назарбаев жариялаған «Біз біргеміз!» акциясы республика бойынша сәтті жалғасын тауып жатыр. Акцияны жүзеге асыруда партия ерекше белсенділік танытып отыр. Бүгінде акция аясында 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік жиынтығымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек 100 мың адамға тегін медициналық маска таратылды. Ал 360 мың отбасы бір реттік 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмекке ие болды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл шамамен 1 млн қазақстандықты құрайды», – деді партия Төрағасының бірінші оранбасары Бауыржан Байбек. Nur Otan партиясы акция аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, жалғызбасты қарттарға, тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да мұқтаж жандарға әлеуметтік пакеттерді байланыссыз үлестірді.