Облыстар арасындағы көлік қатынасы жандана ма – Президент мәлімдемесі

Облыстар арасындағы көлік қатынасы жандана ма – Президент мәлімдемесі

Облыстар арасындағы көлік қатынасы жандана ма – Президент мәлімдемесі
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Үкіметке жаңа санитарлық ережелер бекітуді тапсырды.  «Үкімет жаңа санитарлық ережелерді дайындап, енгізуі қажет. Шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәйкес жұмыс істеуі керек. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді», - деді Қ.Тоқаев Президент сәуірдің соңынан бері елімізде шектеу шаралары айтарлықтай жеңілдетілгенін атап өтті. «Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. Бүгіннен бастап еліміз бойынша дүкендердің біразы ашылады, сән салондарының, білім орталықтарының, тағы басқа нысандардың қызметі қайта жанданады. Саябақтар ашылады. Жолаушыларға арналған әуе тасымалының жұмысы қалпына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған болатын. Енді оған тағы 7 қала қосылады. Көптеген шектеулер алынып тасталды», - деді Мемлекет басшысы. Еске сала кетейік, бұған дейін Президент індеттің екінші толқыны басталып кетуі мүмкін екенін ескертіп, азаматтарды мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жеке кәсіпорындар қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері шешуі тиіс.