Жаңалықтар

Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері шешеді – Қ.Тоқаев

ашық дереккөзі

Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері шешеді – Қ.Тоқаев

Індеттің екінші толқыны басталып кетуі мүмкін екенін ескерткен Мемлекет басшысы азаматтарды мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге шақырды.  «Мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей береді. Жеке кәсіпорын басшылары қанша қызметкерді жұмысқа шығаратынын өздері анықтауға тиіс. Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл – ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе», - деді Президент Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет екенін баса айтты.