Президент: Банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешу керек

Президент: Банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешу керек

Президент: Банкте проблемалық қарызы бар азаматтардың мәселесін шешу керек
ашық дереккөзі
Қазақстанда келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілмек. Бұл туралы  төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.  «Халықтың табысы азайып бара жатқан уақытта тұтынушылық несие нарығының жағдайына мониторинг жүргізудің маңызы зор. Азаматтардың қарыз бойынша жүктемесінің көбейіп кетуіне жол бермеу керек. Қаржы нарығын реттеу бойынша агенттік проблемалық қарызы бар қарыз алушылардың оңалту мүмкіндіктерін қарастыруы керек. Сонымен қатар қарыз алушы мен өнімнің типіне қарай сыйақы ставкасын есептеу амалдарын қайта қарастырған абзал», - деді Мемлекет басшысы.  Президент, сондай-ақ, азаматтардың мүддесін қорғау үшін банктік емес, несиелік ұйымдарды бақылау жұмысы күшейетінін мәлім етті. Ал келесі жылдан бастап микроқаржылық ұйымдарды лицензиялау жүйесі енгізілетін болады.