Nur Otan партиясына халық сенімі артып келеді

Nur Otan партиясына халық сенімі артып келеді

Nur Otan партиясына халық сенімі артып келеді
ашық дереккөзі
Азаматтар өз мәселелерін шешуде Nur Otan партиясына сенім артып келеді. Партия өз кезегінде қоғамға ашықтық қағидасын ұстанып, азаматтарға мәселелерін шешудің нақты жолдары мен мен механизмдерін ұсынуда. 1 тоқсанда партияның республикалық қоғамдық қабылдауына өтініш білдіргендер саны 36%-ға артқан. Бұл партияға деген халық сенімінің артқанын көрсетеді. Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесі азаматтардың партияның республикалық қоғамдық қабылдауына тұрақты түрде жүгінетінін көрсетіп отыр. Қазақстандықтардың 27%-дан астамы құқығына нұқсан келген жағдайда Nur Otan партиясына жүгінуге дайын екен. Тек 2019 жылдың өзінде партияның қоғамдық қабылдауына 214 мыңнан астам адам көмек сұрап келген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда (140 013) 35%-ға артық. Өтініштердің 21%-ы (45,1 мың) оң шешімін тапса, 76%-на (163,5 мың) түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың өтінішінің оң шешімін табу көрсеткіші 2018 жылмен (33 753) салыстырғанда 11,3 мыңға өскен. Қазіргі карантин жағдайында партияның қоғамдық қабылдаулардың онлайн-режимдегі жұмысы күшейтілді, нәтижесінде онлайн өтініштер (13 наурыздан бері) саны артты: WhatsApp желісі бойынша – 13 есе, әлеуметтік желі бойынша – 8 есе, Call орталықтарға түскен өтініштер саны 3 есе көбейген.