Жаңалықтар

Ұлыбританияда Covid-19 жұқтыру қаупін ескертетін жүйе енгізіледі

ашық дереккөзі

Ұлыбританияда Covid-19 жұқтыру қаупін ескертетін жүйе енгізіледі

Ұлыбритания тұрғындарына арнаған үндеуінде премьер-министр Борис елдің карантиннен шығу жоспарын түсіндірді, деп хабарлайды ВВС. Үкімет басшысының айтуынша, жоспардың жүзеге асырылуы індеттің таралу  қарқынына байланысты болмақ. Атап айтқанда, ол бір рет Covid-19 жұқтырған адамдардың орташа санын анықтайтын R базалық көрсеткішіне тәуелді. Джонсонның сөзінше қазір бұл көрсеткіш 0,5-тен 0,9-ға дейінгі деңгейде. Премьер-министр осы аптада локдаунды алып тастап, оның орнына  шектеулер түрін өзгертетін алғашқы сақтық қадамдар жасалатынын жеткізді. Енгізілген жүйеге сәйкес, инфекция жұқтыру қаупінің деңгейі жасылдан (1-ден) қызылға (5-ке) дейінгі шкала бойынша анықталады және алынған мәліметтерге байланысты өзгереді. Джонсон елдің қазір 4-ші деңгейге көтерілгенін жариялады. Оның айтуынша, ендігі міндет – ақырындап үшінші деңгейге көтерілу. Елдегі бірлескен биоқауіпсіздік орталығы қауіп деңгейі туралы хабарлап отырады.  Бұл сонымен қатар елдің әртүрлі аймақтарында коронавирус инфекциясының қауіптілік дәрежесін анықтайды. Бұл дегеніміз, бір қаладағы қауіп деңгейі басқа жерлердегі деңгейден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Жүйе сонымен қатар Англияның әртүрлі аудандарында қолданылатын шектеулердің өзгеруі туралы да хабарлайды. Борис Джонсон  карантин режимін жеңілдететін шаралардың жаңа легіне тоқталды: – Дүйсенбіден бастап үйден жұмыс істей алмайтын адамдарға, мысалы, құрылысшыларға жұмысқа баруға болады. Қазір олар мұны тек қажет болған жағдайда ғана жасай алады. Бұл ретте қызметкерлер қоғамдық көлікке мінбеуі керек. –  Келесі аптаның сәрсенбісінен бастап Англия тұрғындарына көшеде шектеусіз спортпен шұғылдануға мүмкіндік беріледі. Қазір олар күніне бір-ақ рет жаттығу жасауға шыға алады. – Британдықтар парктерге барып, онда от жағып, саяхат жасау үшін өз көліктерін пайдалана алады. – Бастауыш мектептер 1 маусымнан бастап ашылады, сондай-ақ дүкендер кезең-кезеңімен ашыла бастайды. Бұл ретте әлеуметтік қашықтық шаралары сақталуы тиіс, ал тәртіп бұзушылар үшін айыппұл көлемі ұлғаяды. – Мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа да қоғамдық орындар шілде айынан ертерек ашыла алмайды. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 220 мыңнан асты. Індеттен 32 мыңға тарта   адам көз жұмды. Айта кетейік, Қазақстанда эпидемия басталғалы бері 5126 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың 31-і көз жұмды. 1941 адам емделіп шықты.