Жаңалықтар

Головкин – Альварес жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде енді

ашық дереккөзі

Головкин – Альварес жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде енді

Mymmanews.com сайты онжылдықтың ең үздік бокс жекпе-жектерінің тізімін жасады. Оған қазақстандық Геннадий Головкиннің  Сауль «Канело» Альвареспен өткізген екінші айқасы енген. «2018 жылы «Канело» және Головкин жекпе-жегі «Ring» журналында «Жыл айқасы» деп аталған. Бұл олардың қарымта жекпе-жегі болатын. Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен. Екі боксшы да соңғы раундқа дейін бір-біріне ауыр соққы берумен болды. Альварес төрешілердің бірауыз дауысымен Головкиннен басым түсті», делінген БАҚ-та. Журналдың нұсқасы бойынша онжылдықтың ең үздік 7 айқасы: Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо (2015) Сауль Альварес — Геннадий Головкин (2018) Дэвид Хэй — Дерек Чисора (2012) Тимоти Брэдли — Руслан Проводников (2013) Миккел Кесслер — Карл Фроч (2010) Франсиско Варгас — Орландо Салидо (2016) Теренс Кроуфорд — Юриоркис Гамбоа (2014)