Жаңалықтар

Министрлік ЖОО оқытушылары толтыратын бірнеше құжатты алып тастады

ашық дереккөзі

Министрлік ЖОО оқытушылары толтыратын бірнеше құжатты алып тастады

Білім және ғылым министрлігі педагогтарды қағазбастылықтан арылту үшін колледж және ЖОО оқытушылары толтыратын құжаттар тізімін де бекітті . Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды. «Колледж педагогтері толтыратын құжаттар тізімі бекітілді. Олар жылдың басында жұмыс істеуге арналған оқу бағдарламасын құрып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасайды, ал күн сайын сабақ жоспарын әзірлейді, теориялық, өндірістік оқыту және жеке сабақтарды есепке алу журналдарын толтырады. Егер педагог куратордың қызметін атқарса, тағы бір құжат қосылады. Шамадан тыс есеп беру көрсеткішін түбегейлі азайтуға қатысты нақты жұмыстар мектепке дейінгі және жоғары білім беру деңгейлері бойынша да жүргізіліп жатыр. Жоғары оқу орындарының оқытушылары да қажетсіз қағаз жүктемесінен арылады. Қазіргі уақытта БҒМ тарапынан нормативтік құжаттарда көрсетілген бақылаудың жүргізілуіне қатысты толтырылатын құжаттар тізімі қайта қаралып жатыр. Басым бөлігін алып тастау туралы шешім қабылданды. Мәселен, кафедраның жұмыс жоспары, комиссияның хаттамасы, қызметтік оқу жоспары сынды құжаттар бізге қажет емес», - деп жазды министр. Айта кетейік, бұған дейін мұғалімдерді педагогтердің шамадан тыс есеп беру мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін бұйрықтың маңызын түсіндірген болатын.