Грузия шетелдік туристерді қашан қабылдайтыны белгілі болды

Грузия шетелдік туристерді қашан қабылдайтыны белгілі болды

Грузия шетелдік туристерді қашан қабылдайтыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Грузия екі ай бұрын жабылған шекараларын қайта ашуға қамданып жатыр. Елде жарияланған ТЖ режимі 22 мамырға дейін ұзартылғанымен, 11 мамырда мемлекет астанасы ашылып, кәсіпорындардың жұмысы жанданады. 15 маусымнан бастап ішкі туризмді тірілту көзделіп отыр. Ал шетелдік туристерді қабылдау 1 шілдеден басталады. Бұл мақсатта Грузия көрші елдермен және туризмді дамытуға ниетті мемлекеттермен қауіпсіз дәліздер құрмақ. Жоспар бойынша ел тұрғындары Грузияның барлық аумағында демала береді. Ал шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін коронавирустан таза жасыл аймақтар жұмыс істейтін болады. "Денсаулық сақтау министрлігіне шекарадағы әр келушінің бақылауын күшейту тапсырылды. Егер осыған дейін елге келгендердің барлығын 14 күндік немесе 24 сағаттық карантинге алсақ, енді бұл шара бір сағатта өтетін болды. Бұл үшін қажетті техника мен мүмкіндіктеріміз бар», –  дейді  Грузия үкіметінің басшысы  Георгий Гахария. Соңғы дерек бойынша, Грузияда 626 адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың жартысына жуығы емделіп шықты. Індеттен 10 адам көз жұмды.