Алматыда жол үстінде жарыс ұйымдастырғандар жазаланды
Алматыда жол үстінде жарыс ұйымдастырғандар жазаланды
Алматыда түнгі жарысушыларға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жолдарда түнгі жарыс ұйымдастырған автокөлік жүргізушілеріне шара қолданды.
“Кеше түнде Төле би даңғылы мен Қайырбеков көшесінің қиылысында Жол ережесін өрескел бұзған төрт жүргізуші анықталды. Олар қатысты ҚР ӘҚбК-нің 597-бабы 1-бөлімі және ҚР ӘҚбК-нің 601-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалды. Көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына жөнелтілді. Құқық бұзушылардың арасында 1990 жылы туған бір қыз бар. Бұл автокөлік жүргізушілері өздерін қорғай отырып, көңіл көтеру үшін жолда бұзақылық жасағандарын айтты. Сонымен қатар, олардың ешқайсысы бұл әрекеттің, біріншіден, жол пайдаланушылары үшін қауіпті екендігін ойламаған, екіншіден, жақын тұрған үйлердің тұрғындарына кедергі келтіретіндіктерін де еске алмаған”, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаро.
Спикердің айтуынша, күн сайын кешке және түнде жолдың бұл учаскесін екі патрульдік нарядтар бақылайтын болады.