АҚШ фермерлері тұрғындарға картоп пен сүтті тегін таратуға мәжбүр

АҚШ фермерлері тұрғындарға картоп пен сүтті тегін таратуға мәжбүр

АҚШ фермерлері тұрғындарға картоп пен сүтті тегін таратуға мәжбүр
ашық дереккөзі
АҚШ-та тұрғындарға картоп пен сүт тегін таратылуда. Қоймада жатқан өнім босқа құрымау үшін жергілікті өндірушілер осындай шешім қабылдаған. Коронавирустың таралуына байланысты қоғамдық тамақтану орындары түгел жабылғандықтан, америкалық фермерлер тауарларын өткізе алмай дал. Ысырапқа жол бермеу мақсатында өнімді халыққа тегін тарату шешімі қабылданыпты. Қоймадағы өнім босқа бүлінбес үшін Вашингтон штатының әрбір тұрғыны 4 шілдеге дейін шамамен 225 келі картоп тұтынуы тиіс. Ал Массачусетс штатының тұрғындарына сүт үлестірілуде. Бұл істі Ұлттық гвардия сарбаздары қолға алған. Жалпы індетке байланысты жергілікті мейрамхана иелері орасан шығынға батты. 1 наурыздан бері олар 25 миллион доллар табысынан айрылған.  Пандемия ел тұрғындарының 3 миллионға жуығын жұмыссыз қалдырды. Айта кетейік, бүгінде АҚШ-та 1,32 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған.  Мемлекетте індеттен 78 200 адам көз жұмды. 183 мыңнан астам адам емделіп шықты. Ал әлемде қатерлі вирусты жұқтырғандар саны 4 миллионнан асып жығылды.