Қызылордада Ресейден келген студенттен коронавирус анықталды

Қызылорда облысында Ресейден келген студент коронавирус анықталды.

«Соңғы тәулікте жаңадан 1 дерек тіркелді. Науқас – Ресей елінен келіп, карантиндік стационарға оқшауланған студент. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты, емін хаттамаға сәйкес алуда», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.

Бүгінге дейін өңірде аталған диагноз қойылған 226 адам тіркелген. Оның арасынан 150 адам сауығып шықты.

 

Back to top button