"Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды": Б.Сағынтаев алматылық ардагерлерді мерекемен құттықтады

"Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды": Б.Сағынтаев алматылық ардагерлерді мерекемен құттықтады

"Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды": Б.Сағынтаев алматылық ардагерлерді мерекемен құттықтады
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Екінші дүниежүзі соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.  Қала басшысы өзінің Instagram парақшасында 9 мамырда жер бетін фашистік езгіден азат еткен майдангерлерімізге құрмет көрсетілетінін айтты. «Қайталанбауы тиіс сол бір азапты жылдар уақыт өткен сайын бізден алыстап барады. Біз осылай ардагерлерімізге құрмет көрсеткен сайын олардың сол бір сұрапыл жылдардағы ерлігі жадымызда күн сайын жаңғыра берері сөзсіз. Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, соғыс қасірет пен қайғыны еске түсірумен бірге, қан майдандағы шайқастар мен ерен ерліктердің де естелігі. Бұл – Жеңіс жаңғырығы!» - деп жазды Бақытжан Сағынтаев. Қала басшысының айтуынша, ардагерлер егде тартқан жасына қарамастан олар қоғамдық өмірге етене араласып, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың, адамгершілік пен абыройдың биік деңгейдегі үлгісін көрсетіп келеді. «Бүгінде біз ардагерлерге қамқорлық пен ықылас-ілтипат көрсетіп отыруға тырысамыз», — деп жазды шаһар басшысы. Қала әкімі биыл қала Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне миллион теңдеген бөлгенін атап өтті. Сондай-ақ, соғыс майдангерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұрғындар, майдан даласында қаза тапқан сарбаздардың жесірлері, тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. «Біз, бүгінгі ұрпақ, сіздердің алдарыңызда бізді жақсы ғұмыр кешсін деп сыйлаған бейбіт өмір, ашық аспан үшін басымызды иеміз. Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды! Сіздерге зор денсаулық тілеймін!», – деді қала әкімі Б. Сағынтаев.