Brent маркалы мұнай бағасы 11 пайызға көтерілді

Brent маркалы мұнай бағасы 11 пайызға көтерілді

Brent маркалы мұнай бағасы 11 пайызға көтерілді
ашық дереккөзі
Brent маркалы мұнай 11 пайызға қымбаттап, баррелі 30 доллардан саудаланып жатыр.  Бұл – 15 сәуірден бергі ең жоғарғы баға. Ал маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 24 доллар деңгейінде. Бұған дейін ол 19 процентке арзан болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Жалпы сарапшылар қара алтынның қымбаттауын ОПЕК+ елдері арасындағы мұнай өндірісін қысқарту туралы уағдаластықпен байланыстырады. Бұл келісім 1 мамырдан бастап күшіне енген болатын. Бұған қоса, мамандар коронавирус төңірегіндегі шектеу шараларының жеңілдеуі де шикізаттың бағасына оң әсер етті деп отыр.