Жаңалықтар

Коронавирусты симптомсыз өткеріп жатқандар қалай емделеді – Е.Біртанов жауап берді

ашық дереккөзі

Коронавирусты симптомсыз өткеріп жатқандар қалай емделеді – Е.Біртанов жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусты ешбір ауру белгілерінсіз өткеріп жатқан науқастарды емдеу қалай жүргізіліп жатқанын айтты.  «Біз бүгінге дейін симптомсыз ауруларды ауруханаға жатқызып, оларды бақылау бойынша тактиканы ұстанып келдік. Бастапқы кездерде біз оларды емдеп те жүрдік», - деді Е. Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында. Министр кейіннен халықаралық нұсқауларды ескере отырып, емдеу протоколдары өзгертілгенін жеткізді. «Індетті емдеудің нақты әрі толық әдістері болмағандықтан, халықаралық ұйымдардағы әріптестеріміз симптомсыз жағдайларды емдемеуге кеңес берді. Сондықтан біз оларды ауруханаға жатқызып, тек бақылап жүрдік. Қазір тәсілдерді өзгертіп жатырмыз», - деді ведомство басшысы.