Темекіге қарсы заңның жаңа өзгерістеріне кім наразы?
Темекіге қарсы заңның жаңа өзгерістеріне кім наразы?
«Темекі түтініне қарсы Қазақстан» ұлттық коалициясы (бұдан әрі қарай — Коалиция) және қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулинге үндеу жолдады.
Коалиция үндеуінде Nur Otan партиясының қолдауымен жүргізілген 6 айлық ортақ жұмыстың нәтижесінде жұмыс тобы мүшелері Қазақстанда темекі эпидемиясы өсімін төмендетуге мүмкіндік беретін Кодекске өзгерістер әзірлеп, бірауыздан мақұлдағаны айтылған.
Бұл толықтырулар Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданды. Нұрлан Нығматулиннің өзі снюстерге тыйым салуды және жаңа темекі өнімдерін шылымға толық теңестіруді қолдайтынын айтты.
Коалиция мүшелері және қоғам қайраткері Қайрат Құдайберген Нұрлан Нығматулиннен мына мәселені назарға алуды сұрайды.
«Біз темекі өнімдерінің жаңа түрлерін реттеуді әлсіретуге бағытталған Комитеттің қайталанатын толықтыруларын алып тастауды қарауыңызды сұраймыз. Өйткені, бұл қазақстандықтар арасында вейпинг, жылытатын темекі, кальян және снюс тұтыну эпидеиясының өсіміне әкеп соқтырады. Кодекстің соңғы нұсқасын әзірлеуде темекі лоббиінің алдын алу мақсатында Сіздің жеке атсалысуыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.