Жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқыны қашан келуі мүмкін – министрлік болжамы

ашық дереккөзі

Коронавирустың екінші толқыны қашан келуі мүмкін – министрлік болжамы

Коронавирустың екінші толқыны күзде келуі мүмкін.  ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көпжасаров осындай болжам айтты.  «Індет жұқтыру көрсеткіштері артуының екінші кезеңі күз мерзімінің екінші бөлігіне келуі мүмкін. Ел халқы вирустың бар екенін ұмытпауы керек. Бұл індет барша әлемде толықтай жойылмады. Кейбір адамдарда бұл ауру ешбір белгілерсіз болады, кейіннен бұл инфекция ағзасы індетке сезімтал кісілерге жұғуы мүмкін», - деді Д. Көпжасаров онлайн бирифингте. Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, елімізде 4753 адамнан коронавирус анықталды. 1582 адам емделіп шықты. 31 науқас көз жұмды.