Алматы әуежайы түркиялық компанияға сатылды

Алматы әуежайы түркиялық компанияға сатылды

Алматы әуежайы түркиялық компанияға сатылды
ашық дереккөзі
Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алды. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.  Консорциумда TAV Airports үлесі 75 пайыздан кем емес, ал акция барлық заң процедуралары аяқталғаннан кейін беріледі.
«Қазақстан – аймақта географиялық және экономикалық жағынан ірі ел. Ал Алматы – елдің ірі қаласы, ЖІӨ 20 пайызы Алматыдан түседі. Сонымен қатар, бұл – Қытай, Еуропа және Африканы қосатын «заманауи Жібек жолының» орталығы. Потенциалы жоғары және біз өз білімімізге сүйене отырып, оны толық іске асыру үшін жұмыс істейміз», – деді холдинг президенті және бас директоры Сани Шенер.