Түркиядағы демалыс орындары туристерді қашан қабылдайтыны белгілі болды

Түркиядағы демалыс орындары туристерді қашан қабылдайтыны белгілі болды

Түркиядағы демалыс орындары туристерді қашан қабылдайтыны белгілі болды
ашық дереккөзі
11 мамырдан бастап Түркияда карантин тәртібі жеңілдетіле бастайды.  Елде шаштараз, сауда орталықтары қайта іске қосылып, барлық ірі зауыт пен фабрикалар өз жұмысын бастайды. Дегенмен, 20 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан кісілердің әлі де толыққанды сыртқа шығуына рұқсат жоқ. Бұл топтағылардың аптасына 4 сағат қана көшеге шығуына болады. Сондай-ақ, Түркияның 24 провинциясында сенбі-жексенбі күндеріне арналған коменданттық сағат жалғасады. Аталмыш ережелерді бұзғандарға қатаң шара қолданылып, 3150 лира айыппұл салынады. Бұл теңгеге шаққанда 185 мың. Елдің Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, пандемия кезінде арнайы «Жол картасы» әзірленген. Құжатқа сәйкес, қонақүйлер тек 60 пайызға толып, әрбір қонақтан кейін бөлмелер зарарсыздандырылып, бөлмеге 12 сағатқа дейін ешкім кірмейді. Әуежайлар мен басқа да қоғамдық жерлерде бетпердемен жүру міндеттеледі. Әрбір қонақүйде арнайы «карантиндік аймақ» құрылады. Ауру белгілері бар демалушылар сонда орналасады. Хауыз, асхана және жағалау секілді жерлердің бәрінде ара қашықтықтық сақталуы шарт. Жоспарға сәйкес, шет елден келетін туристерге демалыс орындарының есігі шілде айында ашылмақ. Ал әуе тасымалы маусым айында жанданады. Айта кетейік, Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны 134 мыңнан асты. Елде індеттен 3641 адам көз жұмды. 83 мыңға жуық адам емделіп шықты. Ал әлем бойынша індетке шалдыққандар саны 3,9 миллионнан асты. Қатерлі вирустан 270 720 адам көз жұмды. 1 344 120 адам дертінен айықты.