Болат Өтемұратов мақтааралдықтарға үй салып беруге 6 млн доллар бөлді

Белгілі бизнесмен, меценат Болат Өтемұратов Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су астында қалған ауылдардың тұрғындарын баспанамен қамтуға  6 млн доллар бөлді.

Бұл қаржыға тасқыннан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына арнап  150 жаңа тұрғын үй салынбақ.

Жаңа үйлер ауданның әкімшілік орталығы – Мырзакенттегі жаңа ықшамауданда бой көтермек. Онда Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының баспанасыз қалған тұрғындары қоныстанады. Жаңа ықшамауданда балабаұшалар мен мектептер, тұрғындар тіршілігіне қажетті барлық әлеуметтік нысандар салынады.

Айта кетейік, өткен жылы Болат Өтемұратовтың қоры Қызылордада көпбалалы 100 отбасыға және Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 100 отбасыға арнап үйлер салуға қаржы бөлген болатын.

Back to top button