Мемлекеттің халықпен бірге екеніне көз жеткіздім – жалғызбасты ана

Мемлекеттің халықпен бірге екеніне көз жеткіздім – жалғызбасты ана

Мемлекеттің халықпен бірге екеніне көз жеткіздім – жалғызбасты ана
ашық дереккөзі
Көркем Ізтілеуова, жалғызбасты ана: – Қазір карантин кезінде жаппай үйге қамалғандықтан да шығар, қолымыздан телефонды тастамайтын әдетіміз тіпті күшейді ғой. Бір күні WhatsApp желісінде бір танысым мені «Асыл жандар» деп аталатын арнайы топқа тіркеп жіберіпті. Сөйтсем, ол топта билік тарапынан мұқтаж жандарға, толыққанды емес отбасыларына, түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындардың тізімі жасалынып, арнайы  көмек болып жатыр екен. Топ басшысы менің жеке басыма қатысты мәліметтерді анықтап сұрап, алдағы уақытта көмек берілетінін айтты. Сіздің өтінішіңіз қабылданды деді. Кейін сол өтініш берген күннен тура 5 күн өткенде телефоныма бейтаныс нөмір иесі хабарласып, сыртқа шығуымды сұрады. Шықсам, біз «Нұр-Отаннанбыз» деп арнайы азық-түлік пен жуғыш заттарға толы  сөмкелерді қолыма ұстатты. Әрине, кей адам пендешілікпен «бары осы ма?» деп қанағаттанбай жатқандығының да куәсі болдым. Бірақ мен сол бір азын-аулақ көмектің өзінен елдегі биліктің де, демеуші болған жандардың да еңбегіне риза болдым. Себебі қазір дүкенге барып оны сатып алса, ол қыруар ақша болып шыға келеді. Ал қазіргідей қиын уақытта жұмысым тоқтап қалған шақта мен әрбір тиынымды үнемдемесем, үш баламды қайтіп асыраймын? Өзім жеке кәсіпкердің тігін цехында тігінші болып жұмыс істейтінмін, карантинге байланысты жұмысым тоқтап қалды. Жалғызбасты анамын, пәтер жалдап тұрамын. Сондықтан қандай көмек көзі болса да мен бас тартпас ем, керісінше жүрегі кең, жаны жомарт жандарға, билік басындағы азаматтарға алғысымды білдіремін. Әр қазақ бір-біріне сын сәттерде қолдау танытса, қиындықты бірге еңсергендігіміздің өзі осы емес пе? АӘК ке қол жеткіздім, бұл да мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен көмек деп білемін. Бұдан бөлек, «біз біргеміз» атты қорынан 50 мың теңге көмек қаржыға да ешбір құжат жинап тапсырмастан қол жеткіздім. Қиын кезде мемлекеттің халықпен шынымен де  бірге екендігіне өз басым, анық көз жеткізгендеймін.

Жазып алған Әсел Жақсыбай