Cиндзо Абэнің қаулысы: Жапонияда ТЖ мамырдың соңына дейін ұзартылды
Cиндзо Абэнің қаулысы: Жапонияда ТЖ мамырдың соңына дейін ұзартылды
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің қаулысы бойынша елде төтенше жағдай режимі мамырдың соңына дейін ұзартылды.
Десе де, мемлекетте эпиедмиологиялық ахуал оңалар болса, төтенше жағдай режимі уақытынан бұрын алынып тасталуы да мүмкін.
«Ел аумағында вирус жұқтырудың жаңа деректері әлі де көп. Науқастар саны азаяр емес. Медициналық қызметкерлер дамылсыз еңбек етуде. Осы бір жағдайға байланысты төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешім қабылдадық», - деді Жапония үкіметінің басшысы.
Бүгінде елде коронавирус 15,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 590 адам көз жұмды.
Ал әлем бойынша індетке шалдыққандар саны 3,9 миллионға жетті. Қатерлі вирустан 270 720 адам көз жұмды. Науқастардың 1 344 120-сы емделіп шықты.