Бельгияда мейрамханалар мен асханалар маусымға дейін ашылмайды

Бельгияда мейрамханалар мен асханалар маусымға дейін ашылмайды

Бельгияда мейрамханалар мен асханалар маусымға дейін ашылмайды
ашық дереккөзі
11 мамырдан бастап Бельгияда карантин тәртібі жеңілдетіледі. Елдегі дүкендердің барлығы ашылып, көше саудагерлеріне жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Алайда Бельгия үкіметі базарларды ашуға әлі ерте деп шешті. Мейрамханалар мен дәмханалар тек маусым айында жұмысын бастайды. Сондай-ақ, 10 мамырдан бастап бельгиялықтарға  бір отбасына мүше 4 қонақты қабылдауға рұқсат. Десе де, ел билігі мұндай жиындарды  мүмкіндігінше ашық далада өткізу қажеттігін ескертті. "11 мамырда азық-түлік сатпайтын дүкендердің барлығына жұмыс істеуге рұқсат береміз. Бұл белгіленген ережелерге сай өтуі тиіс: әр тұтынушыға 10 шаршы метр бөлініп, дүкенде 30 минуттан артық болмауы керек. Сондай-ақ дүкенде әр адам бетперде тағуы қажет. Өкінішке қарай, дәмханалар мен мейрамханалар және өзге мәдени мен туристік орындар ашылмайды", - деді Бельгия премьер-министрі Софи Вильмес. Сонымен қатар, үкімет басшысы мемлекетте 31 шілдеге дейін спорттық және әуесқой жарыстарды өткізуге тыйым салынатынын айтты. Бельгия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус елдің 51 мыңнан астам тұрғынынан анықталған.  Науқастардың 8 мыңнан астамы көз жұмды.