7 Мамыр, 21:10 493 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Алматыда 4 айлық сәби коронавирустан емделіп шықты

Соңғы екі тәулікте Алматыда коронавирусқа шалдыққан 72 науқас емделіп шықты. Дертінен айыққандардың қатарында 4 айлық сәби де бар.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,  коронавирус  жұқтырғандармен жақын байланыста болған сәби 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен. Балаға «асқынған бронхит» диагнозы қойылды. Індеттен айыққан сәби бүгін емханадан шығарылды.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Алматыда қауіпті індеттен 299 адам емделіп шықты. Ал республика бойынша 1470 адам қатерлі вирусты жеңді.

 

Соңғы жаңалықтар