Covid-19: Атырауда індеттен айыққандар саны 83-ке жетті

Covid-19: Атырауда індеттен айыққандар саны 83-ке жетті

Covid-19: Атырауда індеттен айыққандар саны 83-ке жетті
ашық дереккөзі
Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар саны 83 адамға жетті, – деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб. Теңіз кен орнының 41 жастағы қызметкері инфекциялық стационардан емделіп шықты. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест  нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. Осылайша Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 83 адамға жетті.  Ал қауіпті індетті  жұқтырғандар саны – 240.